ҚР ІІМ аппаратының басшысы Солтүстік Қазақстан полициясының жеке құрамымен кездесті
30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының базасында полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін республикалық оқу-әдістемелік жиындардың екінші кезеңі басталды. Жиынды аша отырып, ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы полиция генерал-майоры Оңал Бекиев қатысушыларға және ұйымдастырушыларға нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі.
Сол күні Оңал Бекиев Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті. ІІМ аппаратының басшысы полицейлерге қызметті ұйымдастыруға, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға қатысты негізгі талаптарды жеткізді, сондай - ақ 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әзірленіп жатқан тұжырымдамасының мәні туралы хабардар етті.
Бір апта ішінде ҰҰА оқу-әдістемелік жиындар аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызметкерлері тренингтерге, семинарларға қатысады, дәрістер курсын тыңдайды, саптық дайындықпен айналысады. Бұған дейін осындай курстар 16-21 қаңтар аралығында өтті; олардың қорытындысы бойынша 100-ден астам полиция қызметкері сертификат алды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
24 пікір