Оқыс оқиғалар мен өрт фактілерінің алдын алу мақсатында СҚО полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын өткізуде
Петардалар, шартылдақтар және отшашулар – пиротехникалық заттар бүлдіршіндер мен ересектер арасында қызығушылық тудырады. Отшашулардың дыбысы әсерлі көрінгенімен, денсаулыққа қауіпті. Өртке апарып соғуы да мүмкін. Жазатайым оқиғалар мен өрт фактілерінің алдын алу мақсатында өңір полицейлері мен құтқарушылары лицензияланбаған пиротехникалық өнімдерді сату пункттері бойынша рейдтік іс-шараларды жандандырды.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Құман Мусиннің ақпаратынша, «Пиротехника» іс-шарасы 25 желтоқсанда басталды. Іс-шараға 200-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылып, 60-тан астам рейдтік топ құрылды. Бүгінгі таңда полицейлер 12 құқық бұзушылықты анықтап, 620 данадан астам пиротехникалық бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тұрғындарды осы тауар түрін сатуға сертификаты бар дүкендер мен павильондардан ғана сатып алуға шақырады.
«Қала мен облыс тұрғындарынан кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттерін бақылап, олардың пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдалануына жол бермеуді сұраймыз. Бұл заттарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тек ересектер ғана қолдануы тиіс», - дейді Құрман Мусин.
«Пиротехника» іс-шарасы қаңтар айының басында аяқталады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-da-620-dan-astam-pirotehnikalyq-bujym-tarkilendi/
[xfvalue_img]