Жамбыл полицейлері жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады
Жамбыл полицейлері ата-аналарды алдағы жаңа жылдық мерекелер кезінде балалардың қауіпсіздігін назарға алуды ұсынады.
Түрлі мерекелік отшашулар, Бенгаль шамдары, зымырандар, жарылғыш отшашулар кәмелетке толмағандарға үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Мысалы, отшашулар шамамен 1000°C температурада жанып, Бенгаль шамдарының әлсіз ұшқындары көзге түсуі немесе киімді, жаңа жылдық әшекейлерді зақымдауға қабілетті.
Мұндай жанғыш заттар санаулы уақытта көз жанарының көрмей қалуына, бет пен қол саусақтарын жарақаттануына әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал ойын - бомба петардаларын аулаларда, үйлердің кіреберістеріне немесе үй жануарларына лақтыру азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, үй-жайларға, электр сымдарына қауіп тудырады.
– ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес елді мекендерде 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған және ол үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану - ата- аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде ескерту жасауға немесе пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеу, сондай - ақ балалар жарақаттануының алдын алу не кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында лицензияланған пиротехникалық бұйымдарды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ересектердңі мұқият бақылауымен ғана пайдалануға шақырамын, - деді Жамбыл облысы ПД ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.
[xfvalue_img]