Астана полицейлері төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша мектепте семинар өткізді
Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері № 74 мектеп-гимназиясының ШЖҚМК қызметкерлерімен семинар өткізді.
Кездесу барысында терроризм актісі жасалуының нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою, күдікті затты табу кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері қаралды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы бейнероликтер көрсетілді және жадынамалар табыс етілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ҚР ҚК 273-бабы бойынша құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершілік болатыны айтылды.
Аталған ұсынымдардың мақсаты - төтенше жағдайларда профилактикалық іс-шаралар мен іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір