Елордада ойын-сауық мекемелері бірінің иесі жауапқа тартылды
Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, оның ішінде ойын-сауық орындарында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу және оларға жол бермеу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.
Мәселен, "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында "Алматы" ауданы ПБ учаскелік инспекторы 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сату фактісін анықтады.
Момышұлы даңғылы бойынша "Golpas" рестобарының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-бөлігі "ҚР алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданылуын тоқтата отырып, 120 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде өндіріп алу салынуы мүмкін.
Астана қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға заңнаманы, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзбауды ЕСКЕРТЕДІ.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]