21 жасқа дейінгі тұлғаға алкоголь өнімін сатқаны үшін елордалық кафенің лицензиясы тоқтатылды
Ағымдағы жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторы «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында «Сарыарқа» даңғылында орналасқан кафелердің бірінен кафе иесінің 21 жасқа толмаған азаматқа этил спиртінің көлемдік үлесі 5%-дан асатын алкоголь өнімін сату фактісін анықтады.
Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шағын маркеттің иесіне ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 1 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен шағын кафе иесіне 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, лицензияның жоқ болу фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қ. Мемлекеттік кірістер Департаментіне хабарлама жіберілді.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бұғаны үшін 7 кафе иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, алкогольді өнімдерді сату лицензиясынан айырылған.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]