Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын атап өтті.

Жолдауда отбасылық-тұрмыстық саладағы жауапкершілікті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылықты елемеуге болмайтынын атап өтті.

        «Жанжалқойлардың жазасыздығы олардың қолдарын ашады, іс жүзінде олардың құрбандарын қорғансыз қалдырады. Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтетін кез келді деп санаймын. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің қоғамды айыптаудан немесе біреудің тарапынан қысым көруден қорқуына болмайды. Ол үшін полицейлер барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, олармен өте мұқият жұмыс істеуі керек", - деді Президент.

        Учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері осы бағытта мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізуде. ҮЕҰ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, полицейлердің дағдарыс орталықтарымен тығыз өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. 

        Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін Дағдарыс орталығы ашылды, онда оларға білікті құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Полиция агрессорлармен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері зорлық-зомбылыққа ұшыраған 27 әйелге мамандардың көмегі көрсетілді.

        Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Осыған байланысты Департамент есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, оларды заңсыз жарнамалау және интернет арқылы тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. Жыл басынан бері елорда аумағында синтетикалық есірткі түрлерімен байланысты 108 есірткі қылмысы анықталды. Төрт есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

        Президент Жолдауында интернет және телефондық алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мәселесі жеке қаралды.  Осындай қауіп-қатерлерді анықтау және бейтараптандыру бойынша ақпараттық-талдау жұмысын күшейту тапсырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Cleveland 22 февраля 2024 09:27

    You really make it seem really easy with your presentation but I in finding this topic to be
    really something which I feel I'd by no means understand.
    It kind of feels too complex and extremely vast for me.

    I am having a look forward to your next submit, I'll try to get the cling of it!


    Visit my web-site ... https://one.net.in

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.