СҚО ПД бастығының орынбасары білім күнінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті
Қылмыстың құрбаны болған жасөспірімге не істеу керек? Кибербуллинг фактілері туралы білгенде не істеу керек? Есірткі қолданудың салдары қандай? Осы және басқа да жағдайлар туралы №32 мектеп оқушыларына СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин айтып берді.
ҚР ІІМ Министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау үшін солтүстікқазақстандық полицияның тергеу бөліністері басшылығы мен жеке құрамы жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Мақсат – олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Еңбек Сембин оқушыларға олардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамадағы өзгерістер туралы айтты. Соңғысы – заңнамаға кибербуллинг фактілерін қарау туралы нормаларды енгізу. Бүгін кез келген баланың заңды өкілі құқыққа қайшы әрекеттер көрсетілген интернет-ресурстар жайлы уәкілетті органға арызбен жүгінуге құқылы.
Басқа маңызды тақырып облыстағы есірткі жағдайы. Үш жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу мөлшері 6-дан 140 килограммға дейін өскен, полицейлер 41 есірткі зертханасын, соның ішінде биыл 23-ін жойды. Еңбек Сембин жоғарғы сынып оқушыларына есірткі қолданудың салдарын қазіргі медицина толық жеңе алмайтынын естеріне салды. Ол есірткіні тасымалданғаны үшін ғана емес, сондай-ақ, жарнамалағаны үшін де жауапкершілік заңмен көзделгенін атап өтті.
Бұдан басқа, Еңбек Сембин қылмыстың құрбаны болмау туралы кеңеспен бөлісті. Оның ішінде: әрдайым ата-аналарыңыз мен достарыңызды қайда баратыныңыз жайлы хабардар ету, подъезге кірмеу және бейтаныс адамдардың көлігіне отырмау.
СҚО ПД бастығының орынбасары жасөспірімдерді барынша көмекке жүгінуге шақырды: «Егер, сізге қатысты заңға қарсы әрекеттер жасалса, жедел «102-ге» қоңырау салыңыз, патрульдік полицейге барыңыз, полиция бөлімшесіне жүгініңіз. Сізге қарсы құқыққа қайшы әрекет жасалған сәттегі киімде болып, қызметкердің келуін күтіңіз. Полицияға жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген тұлғалар немесе интернет-сайттар туралы хабарлаңыздар. Психологтардың көмегіне жүгінуден ұялмаңыздар. Тіс ауырған кезде оның басылғанын күтпей тіс дәрігеріне барасыздар. Сол сияқты жан күйзелісі туралы да айтуға болады. Өмір адамға қайта берілмейді және оның құнды екенін ұмытпаңыздар».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
25 пікір