Психологиялық тренинг өтті
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің жеке құрам арасында психологиялық тұрғыдан қолдау бойынша іс-шаралар тұрақты жүргізіліп келеді. ҚАЖ департаментінің жеке құрам бойынша аға инспектор-психологы әділет капитаны Мойшақ Маханова ұжымның моральдық-психологиялық жағымды хал-ахуалын қолдау және қызмет бабына кері әсер тигізетін факторларды жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Оның қызметтік міндетіне қызметкерлерге дер кезінде психологиялық тұрғыдан көмек беріп, жеке құрам арасында өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыру бағытында түрлі тренингтер өткізіп, «Ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтауға арналған сауалнама» жүргізу кіреді. Жыл басынан қызметкерлермен, отбасы мүшелерімен, жас қызметкерлермен жеті рет тренинг сабақтарын өткізген.
Жуырда ҚАЖ мекемелеріне қызметке қабылданған жас мамандардың қызметтің жаңа жағдайларына кәсіби тұрғыдан және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету мақсатында оларды жеке-жеке қабылдап, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Мұнан өзге де жеке құрам қызметкерлерінің қызмет атқару барысындағы психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын, шыдамдылығын анықтау мақсатында психодиагностика жұмыстарын жүргізіп отыру оның күнделікті күн тәртібінен түскен емес.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]