ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ  ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің первенция басқармасының басшысы А.Бейсембаев пен облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Р.Унарбековтың қатысуымен ҚР ІІМ мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде облыстың полиция ведомствосының жеке құрамымен кеңес өткізілді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілік мәселелері қаралды.

«Бүгінгі таңда елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің жалпы төмендеу үрдісіне қарамастан, ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім болып қалуда», - деп атап өтті өз сөзінде Архат Бейсембаев.

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019-2022 жылдары ІІМ лауазымды тұлғаларына қатысты 65 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді. Қылмыстық жауапкершілікке 22 лауазымды тұлға тартылды, олардың 21-і сотталды.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың көпшілігін әкімшілік полиция, жедел-тергеу қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері жасаған.

Негізінен қылмыстар қылмыстық істерді заңсыз тоқтатқаны, әкімшілік жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алумен байланысты.

Сондай-ақ, кеңес барысында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің превенция басқармасының басшысы 2022 жылдың сәуір айында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ілгерілетуге және іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды іске асыру мақсатында ҚР ІІМ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын атап өтті.

«Осы Меморандум шеңберінде ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы іс - қимыл бойынша, шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын күшейту бойынша шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік атмосферасын құруға ықпал ететін іс-шаралар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де шоғырландырылған нысандары мен әдістері әзірленетін болады» - деп түйіндеді Архат Бейсембаев.

Кеңес соңында ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Ренат Унарбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті, барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кез-келген азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 24/7 режимінде жұмыс істейтін 1424 Call орталығы арқылы хабарлай алатынын еске саламыз.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.