Жамбыл облысының тұрғыны 7,5 миллион теңгенің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді
Жуалы ауданының полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Шағымда ер адам Қосбөлтек ауылында орналасқан кәсіпорынға тиесілі мүлікті ысырап ету дерегін атап көрсеткен.
Сондай-ақ ол құрамында Қосбөлтек және Көктөбе ауылының тұрғындары болған жауапкершілігі шектеулі серіктестік таратылғанға дейін мүлкі бар қойма осы компанияға тиесілі екенін хабарлады. Сонымен қатар қойманы Қосбөлтек ауылының 65 жастағы тұрғынына оның орнына спорт кешенін салу үшін беру туралы шешім қабылданған.
Алайда, мүлікті рәсімдеп, ер адам белгісіз тұлғаларға жалпы сомасы 7 500 000 теңгеге автотаразыларды, автотиегішті, астық тазалау жабдығын, астық тиегішті сатқан.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотының шешімімен мүлікті беру шарты жарамсыз деп танылды.
Іс тергеу сатысында.
[xfvalue_img]