Әлеуметтік желілердегі алаяқтар жамбылдықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынады
Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәліктерін сату туралы хабарландырулар саны артты. Хабарландыру авторлары мұндай сатып алу заңды болады, куәлік 2-3 күнде жасалады, өз есебінен жеткізіледі, тіпті жүргізу куәлігінен ресми түрде айырылған адамдар да оны сатып ала алады деп сендіреді.
Алайда, Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігін сатып алу заңсыз болып табылады. Ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жүргізуші куәлігін алудың жалғыз жолы - жол ережелерін білу, көлік жүргізуді үйрену, қажетті құжаттар пакетін жинау және емтихан тапсыру.
2019 жылғы 1 шілдеден бастап теориялық және тәжірибелік сынақтарды қабылдау тек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ филиалының " Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы жүзеге асырылады.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: жеке басын куәландыратын құжат; "№073/у" нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; жүргізуші куәлігін бергені үшін 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.
Екі сынақты сәтті тапсырғаннан кейін сізге тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі беріледі.
Егер сіз жүргізуші куәлігін сатып алу үшін алаяқтарға жүгінсеңіз не болады? Біріншіден, алаяқ ақша алады және сізді бұғаттайды. Екіншіден, қаскүнемдер сіз жіберген деректерді қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін.
Үшіншіден, ҚР ҚК 385-бабына сәйкес көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 АЕК-ке дейін (490 080 теңге) айыппұл немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми құжаттарды тек мемлекеттік органдардан алу қажеттігін, сондай-ақ қырағы болып, алаяқтарға сенбеу керектігін хабарлайды.
Егер сізде әлеуметтік желілерде жарнамаланатын осы тектес жалған қызметттер туралы ақпараттар болса немесе алаяқтардан зардап шеккен болсаңыз полицияға хабарласыңыз.
[xfvalue_img]
27 пікір