Тараз қаласының тұрғыны бірге тұрған әйелді 1,5 миллион теңгеге тонап кеткен
Жамбыл облысында ер адам бірге тұратын әйел адамның 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылдық полицейлер ақшалай қаражат пен алтын әшекей ұрлағаны үшін облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Алдын ала деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Тараз қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға белгісіз адамның үйден 1 миллион теңге сомасындағы ақшаны және 400 мың теңге мөлшеріндегі алтын әшекейлерін жасырын ұрлағаны туралы жүгінген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол жәбірленушінің бұрынғы жігіті болып шықты, күдікті кінәсін мойындады.
Тергеу барысында сүйіктісінің жұмыс кестесі туралы білетін, бірге тұрған адам оның үйде жоқтығын пайдаланып, кілтпен ашып, пәтерге кіріп, ол жерден жоғарыда аталған мүлікті ұрлаған. Оның айтуы бойынша, кілт ұрлық жасау үшін бұрынғы танысына қайтарылмаған. Салдарынан осы оқиға орын алды.
[xfvalue_img]