Жемқорлық қылмыс бойынша ұсыным қаралды
2021 жылғы 28 сәуірде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Ә.Б.Сабуров «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ШҚОФ басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен онлайн-жиналыс өткізді, жиналыс барысында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу кезінде немқұрайлылық фактісі бойынша «Шығыс қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қаласының әділет Басқармасы» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою үшін енгізілген ұсыным қаралды.
Әділхан Сабуров жиынға қатысушыларға ШҚО «Әділет департаментінің Өскемен қаласы бойынша Әділет Басқармасы» РММ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ ШҚОФ лауазымды тұлғалары өз міндеттерін тиісінше орындамағаны, осылайша «жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ деректер базасында мүлікке және жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы қате мәліметтерді енгізіп, ҚР жер кодексінің нормаларын бұзғаны туралы жеткізді.
Сондай-ақ, ол лауазымды тұлғалардың осы құқық бұзушылықты жасауының негізгі себептерінің бірі алдын алу сипатындағы тиісті шаралар қолданбаған тікелей басшылық тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі болғанын, бұл аталған бөлімше қатарындағы тәртіптің әлсіреуіне және қылмыстық заңнаманың бұзылуына әкеп соққанын атап өтті.
Осыған байланысты, Департамент басшысының орынбасары ведомство қызметкерлерімен осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізуді және оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қағидалар нормаларын жеткізуді ұсынды.
Профилактикалық жұмысты күшейту аясында әрбір қылмыстық іс бойынша ұсынымтар енгізіледі және қылмыс жасаған лауазымды тұлға тікелей жұмыс істеген мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарында қаралады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.
[xfvalue_img]