Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақтану шаралары мен алдын алу жолдарын айтып берді.

«Елімізде, соның ішінде Жамбыл облысында ғаламтор желілері арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кетті. 2020 жылдың үш айында интернет-алаяқтықтың 43 дерегі тіркелген болса, биылғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш саны 185-ке жетіп отыр.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде, тұрғындарға жадынамалар таратып, алаяқтардан қалай қорғану керектігін түсіндіруде.

Алаяқтар желі қолданушыларын арзан қызметтер мен тауарлармен қызықтырады, сайттарда және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат береді. Олар тауар немесе қызмет үшін алдын-ала төлем жасауды, жалған банктік шотқа немесе QIWI-әмиянына (бұл жүйеде жалған деректерді пайдаланып шот ашуға болады) ақша аударуды сұрайды, содан кейін өздері жоғалып, хабарсыз кетеді.

Көбінесе қылмыскерлер өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырады және сіздің картаңызбен жүргізілгелі тұрған заңсыз операцияны бұғаттау үшін CVV-кодты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы код) атауды сұрайды. Бұл жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, банк қызметкерлері мұндай ақпаратты сұрамайды.

Алаяқтар сізге пайдалы бизнеске қаражат салуды да ұсынуы мүмкін. Мұқият болыңыз және оңай жолмен келетін ақшаға сенбеңіз. Егер сізге телефон арқылы бағалы сыйлық ұтып алғаныңыз туралы хабарласса, қуануға асықпаңыз. Кез-келген ақпаратты тексеру қажет. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін өзіңіздің банктік картаңыздың нөмірін хабарламаңыз, өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге жібермеңіз, төлем жүйелері арқылы белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз, қаражатты аударар алдында банктің «жедел желісіне» қоңырау шалып, алушының алаяқ емес екеніне көз жеткізіңіз.

Сонымен қатар, жасы ұлғайған туыстарыңыз бен балаларға бейтаныс адамдарға сенбеуін ескертіңіз. Себебі, көп жағдайда егде адамдар мен жасөспірімдер алаяқтардың қармағына түсіп жатады» - деп атап өтті Ж.Сүлейменов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.