Жамбыл облысы ПД бастығы тұрғындарға есеп берді
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өңір тұрғындарына онлайн-режимде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Бүгін облыс тұрғындарымен онлайн-форматта есеп беру кездесуін өткіздім. Жамбылдықтар фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде маған сұрақтар қойды. Шамамен бір сағатқа созылған тікелей эфирге 3000-ға жуық адам қатысты.
Азаматтарды 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларымен таныстырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еттім.
Тұрғындардан 100-ден астам өтініш түсті. Олар негізінен қалта ұрлығы, интернет-алаяқтық, жол қауіпсіздігі, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы, сондай-ақ әкімшілік заңнамаларға қатысты болды. Кейбір сұрақтарға жауаптар тікелей эфир барысында берілді. Қалған сауалдар зерделеніп, өтініш берушілерге міндетті түрде толық жауаптар берілетін болады» - деп атап өтті Ж. Сүлейменов.
[xfvalue_img]
18 пікір