Пробация есебіндегі 5 азаматқа қайырымдылық көмек көрсетілді
Қармақшы аудандық пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлесіп сауапты істердің ұйытқысы болып, қайырымдылық шараларын жиі өткізеді. Бұл жолы қайырымдылық көмек аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен «Ораз ахун» мешітінің бас имамы Н.Рахмедуллаевтың ықпалымен пробация есебіндегі аз қамтылған тұрмыс жағдайы төмен 5(бес) отбасыға күнделікті қажет ететін азық-түлік берілді.
«Бүгінгі таңда Қармақшы аудандық пробация есебінде 42 сотталған есепте тұр. Жыл басынан 6 азамат жұмысқа орналастырылды. Алдағы уақытта есепте тұрған тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға өз кезегімен осындай қайырымдылық көмектер көрсетілетін болады»,- деді пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, аудандық пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бізге рухани демеу беріп, қажетті азық- түлік көмегін берді. Пробация қызметі тарапынан бізге әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмектер көрсетіледі »,- деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
.
[xfvalue_img]