ШҚО-да индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісіміне қол қойылды
Ағымдағы жылдың 17 наурызында «Antikor Ortalygy» алаңында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы шеңберінде «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.
«Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Шығыс Қазақстан облысының аумағында бұл жоба танымал және табысты іске асырылуда.
Жобаның негізгі бағыттары - құқықтық қорғау, бизнес-процестерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС ШҚО агроөнеркәсіптік кешенінің ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы) саласында маманданған ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Аталған жоба ҚР Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның құны шамамен 5 млрд.теңгені құрайды.
Келісімге қол қою кезінде ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ж.Байділдин инвесторға қойылатын жалғыз талап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау болып табылатынын атап өтті.
Департамент өз тарапынан құқықтық кеңестер, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жолымен сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Айте кетелік, бүгінгі таңда облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жалпы құны 332,9 млрд.теңге болатын 41 бизнес жобасына қатысты жүзеге асырылуда.
[xfvalue_img]
1 пікір