ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚР ҚІЖК 200-БАБЫНЫҢ ТӘРТІБІНДЕ ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаевтың және Департаменттің жеке құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде анықталған өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарын көрсетпегені үшін кәсіпкерден пара алу фактісі бойынша ұсынысты қарау жөнінде кеңес өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мұндай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауды, сондай-ақ кінәлі адамдарды, оның ішінде тиісті ведомстволық бақылауды қамтамасыз етпеген басшыларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынды.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамада қабылданған жаңалықтар жеткізілді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін қатаңдатуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сотталғандарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануды болдырмауға баса назар аударылды.
Іс-шара соңында жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
[xfvalue_img]