«Алматы-Қапшағай» ақылы жолы жанындағы Жаңаталап ауылына қатысты ақпарат
2019 жылы 25 қаңтарда «Алматы-Өскемен» автомобиль жолы 25-67 шақырым бойынша ақылы жол іске қосылды. Алайда, ауыр жүк машиналары жол ақысын төлемеу үшін осы учаскіге іргелес жатқан ауылдардың ішімен өтіп, жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызуда.
Осыған орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар жолдарда жүк көліктерінің жүру тәртібін реттеу мақсатында және аталған жолда 3.12 «оське жүктемені шектеу» жол белгілерін орнатуды «Казахавтодор» ЖШС-не тапсырды.
Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүк көліктеріінің жүргізушілері тарапынан ереже бұзушылықтарды жою үшін Жергілікті полиция басқармасының жол полициясы өкілдерімен және Алматы облысының көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп көшпелі рейдтер жүргізу туралы бастама көтерді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ салмақты габаритті көліктердің нормативтерді бұзуын анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуге дайын. Сонымен қатар, жүк көліктері жүргізушілерін ақылы жол іргесіндегі ауыл ішіндегі жолдардың сапасын сақтауға, елді мекен тұрғындарының өміріне қауіп төндірмеуге және қолданыстағы заңмен жүруге шақырады!
Аталған тақырып аясында қолданылған шаралар жайлы қосымша хабарланатын болады.
[xfvalue_img]
13 пікір