Жергілікті автожол желілерін қосқанда «Нұрлы жол» жобаларын іске асыруға 100 мың адам жұмылдырылды
Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазавтожол» ҰК» өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,6 мың км жолды қайта жаңғыртатын 24 автожол жобасы іске асырылуда, оның 22-сі өтпелі жоба.
Қазіргі уақытта Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен, Қандыағаш-Мақат, Бурылбайтал-Күрті, Қалбатау-Майқапшағай, Меркі-Бурылбайтал және Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы жобалары бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Ұзынағаш-Отар» учаскесінде вахталық қалашық пен техникаларды жұмылдыру жұмыстары басталды, ал жыл соңына дейін Балқаш-Бурылбайтал учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Ақтөбе-Мақат жобасы бойынша ұзақтығы 159 км Ақтөбе-Қандыағаш учаскесін және ұзақтығы 277 км болатын Атырау-Астрахань автожолының жұмыстарын қаржыландыруды ИДБ-нен АДБ мен ЕҚДБ-не ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осындай жағдайларды ескере отырып, республикалық бюджет есебінен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе-Қандыағаш (60 км), Атырау-Астрахань (60 км) учаскелерінде 120 км жолды рекострукциялауды бастады», - деп хабарлады Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков.
Сондай-ақ, 2021 жылы аяқталатын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы басталды. Жергілікті автожол желілерін қосқанда «Нұрлы жол» жобаларын іске асыруға 100 мың адам жұмылдырылды. «Нұрлы жол» бағдарламасының жобаларына пайдаланылатын материалдардың 95%-дан астамы отандық өндірушілердікі. 2018 жылдың соңында 528 км автожол қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Жолда қызмет көрсету нысандарын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Қолданыстағы жол қызметтері мен олардың сапасын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда республикалық желіде 1 859 бірлік жолда қызмет көрсету нысаны бар. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша олардың 42% -ы Ұлттық стандартқа сай келеді (780 бірлік). Жыл соңына дейін жолда қызмет көрсету нысандарының Ұлттық стандартқа сай келетіндерін 850 бірлікке немесе 45%-ға жеткізу жоспарланып отыр», - деді Амангелді Беков.
Бұдан бөлек, қолданыстағы нысандарды жетілдірумен қатар, қызметтердің толық спектрі бар жаңа нысандарды салу және ұлттық стандарт талаптарына сай келетін модульдік KazWay павильондарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қызмет көрсету нысандарын IRU Transpark, Google Maps, Яндекс Карта цифрлы карталарына енгізу жұмыстары жүріп жатыр
[xfvalue_img]
28 пікір