Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы неде?

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы неде?

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал. 

Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуына бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің тигізер көмегі мен ықпалы зор. Өйткені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қарапайым халық, әсіресе жастар шенеуніктерге қарайды, солардың кәсіби біліктілігіне қарап, билікті бағалайды, өз болашағына қатысты бағыт-бағдарын, жоспарларын түзеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде жетік сөйлеп, қызмет көрсетсе, қоғамда да мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек. Осы орайда, «Меммекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген сөзі де бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы болатындығын айқындап тұрғанын айта кеткен жөн деп ойлаймын.  Қазіргі күні республика соттарында сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың басым бөлігі қазақ тілін еркін меңгерген, сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асыра алатын тұлғалар, егер де халық сотқа қазақ тілінде жүгінетін болса немесе өкілетті органдар тергеуді мемлекеттік тілде жүргізсе, барлық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қауқарлы судьялар жеткілікті. Еліміздің сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткерді.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледі, ал қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. Десек те, әлі де болса соттарда іс жүргізу көбінесе орыс тілінде өтетіні рас. Яғни арыз  қай тілде берілсе, іс тек сол тілде жүргізіледі. Ал іс жүргізу тілін білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта аудармашының қызметін тегін пайдалану қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, әрине, кездесетін қиындықтар да бар. Мысалы, қазақ тілінде жазылған арызға тіркелген құжаттардың басқа тілде болуы, іс бойынша жасалған сұраныстарға іс жүргізу тілінен басқа тілде жауап берілуі. Мұндай кездерде, арыз берушіге басқа тілдегі құжаттардың аудармасын тіркеу ұсынылады, оған мүмкіндігі болмағанда, аудармашының көмегімен құжаттардың аудармалары жасалады. Немесе, сотқа  арызды орыс тілінде беріп, алайда істі сотта қарау барысында тараптың өзі мемлекеттік тілде түсінік беруді қалайтындарын, ал  арызды басқа құжаттар орыс тілінде болуына байланысты ғана сол тілде бергенін айтып жататын жағдайлар да кездеседі.

Бұған негізінен мемлекеттік және басқа да мекемелерде келісім шарттар жасаған, құжат алмасқан кезде әлі де болса мемлекеттік тілден гөрі, орыс тілінің басымдықта қолданылып келе жатқаны себеп болып отыр. Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білмеуі, бұрынғы қалыппен жүруге бейімдігі өзгеріс енгізуге немқұрайдылығы да осы қатарда. Қалай болғанда да, сотқа арыздарды мемлекеттік тілде беруге, сот процесі барысында мемлекеттік тілде түсінік беру мүмкіндігіне шектеу жасалмауы қажет. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, отансүйгіштіктің, ұлттық намыстың мәселесі.

Сөз басында мемлекеттік тілдің дамуына мемлекеттік қызметшілердің ықпалы мен қосар үлесі зор деуіміздің мәнісі де осында жатыр. Сондықтан сотта істерді қарау барысында да мемлекеттік тілдің қолданысына қырағы болу қажет. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауатты жаза білуге, сөйтіп өзге ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге көрсетулері тиісті.

Біздің соттарда мемлекеттік тіл мәселесі толықтай шешімін тапты деп сеніммен айтуға болады. Мәселен, соттың  құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Атап айтқанда, ішкі ұйымдастырушылық құжаттар – өкімдер, анықтамалар қазақ тілінде шығарылады, жедел кеңестер мен олардың хаттамалары қазақ тілінде жүргізіледі. Аудандық соттарға, өзге мекемелерге құжаттар тек мемлекеттік тілде жолданады. Басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың арыз- өтініштеріне де жазылған тіліне қарамастан, мемлекеттік тілде жауап беріледі. Әрбір сот маманы мемлекеттік қызметшіден мемлекеттік тілді жетік білуі талап етіледі.

Осы орайда, мекемедегі мемлекеттік тілдің үлес-салмағының қаншалықты жоғары болуы бірінші мемлекеттік қызметкерлерге тікелей байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Өйткені, бүгінгі күні мемлекеттік тіл мәселесі аса зор қоғамдық және саяси маңызға ие болып, ардың ісіне айналып отыр.

Ендеше, тоқсан рулы елдің дауын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеген ата-бабаларымыздың дәстүріне сай жүйелі сөйлей білсек, бәрімізге де абырой. Ең бастысы, тіліміздің мәртебесі асып, заман талабына сай жан-жақты дами түсетіні анық.

Н.К.Мажитова 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

әкімшісінің бас маманы сот-отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив