Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Мемлекеттік тіл – ұлт руханиятының алтын қазығы. Қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуы мен жоғалуына себеп болатын – халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп бекер айтпаса керек-ті. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Мемлекеттік тілдің дамуына бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер жауапты. Өйткені мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ең бірінші буын осылар. Ал қарапайым халық, жастар өкілдері осы қызметшілерге қарап бой түзейді, бағыт-бағдар жасайды, билікті бағалап, пікір қалыптастырады. Сол себепті, мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінде еркін сөйлеп, жетік меңгерсе, қоғамда ана тілімізге деген құрмет арта береді. Елбасымыздың «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген бір ауыз сөзі ана тіліміздің деңгейін айқындап тұр.

Қазақстан Республикасының  Тіл туралы заңының 13-бабына сәйкес, сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Десек те талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі де сол тілде жүргізілетін болады.

Жаңақала аудандық сотында құжат айналымы толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ішкі ұйымдастырушылық құжаттар, өкімдер, анықтамалар, жедел кеңестер мен олардың хаттамалары қазақ тілінде жазылады. Әрбір сот маманы-мемлекеттік қызметшіден мемлекеттік тілді білуі талап етіледі.

Ең бастысы – ана тілімізді құрметтеп, жүйелі сөйлей білсек, бәрімізге де абырой.

А.Ысқақова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив