Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы зор

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің маңызы зор

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі- мемлекеттік тіл.  Тіл - әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі, әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз деп түсінген абзал.

         Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуына бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің тигізер көмегі мен ықпалы зор. Өйткені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қарапайым халық, солардың кәсіби біліктілігіне қарап, билікті бағалайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде жетік сөйлеп, қызмет көрсетсе, қоғам да мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек.

         Қазіргі күні республика сотарында сот төрелігі жүзеге асырушы судьялардың басым бөлігі қазақ тілін еркін меңгерген, сот төрелегін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асыра алатын тұлғалар, егер де халық сотқа қазақ тілінде жүгінетін болса немесе өкілетті органдар тергеуді мемлекеттік тілде жүргізсе, барлық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қауқарлы судьялар жеткілікті.

Еліміздің сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды басынан өткерді. Бүгінгі күнде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың басшылығымен сот төрелігі заман талабына сай жүргізіліп келеді. Елімізді сот жүйесінде өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Жоғарғы сот төрағасының бастамасы аясында сот жүйесі одан әрі реформаланып, сот билігіне деген жауапкершілікте арта түсті, жаңашыл реформалар жүзеге асырылуда. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, соттың тәуелсіздігін кепілдентіретін құқықтық тетіктер енгізіліп жатыр. Елімізде соттан ашық, соттан жария бірде-бір мекеме жоқ десем, қателеспеймін. Халықтың сотқа деген көзқарасы жақсарды. Заманмен бірге заңның өзгергенін халық біліп те көріп те жүр.       

«Қазақстан Республикасының  Тіл туралы» Заңның 13 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. Десек те, әлі де болса соттарда іс жүргізу көбінесе орыс тілінде өтетіні рас. Оның себебі, АІЖК-нің 14-бабына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап-арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Бір іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Яғни, талап-арызы қай тілде берілсе, іс тек сол тілде жүргізіледі. Ал іс жүргізу тілін білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта аудармашының қызметін тегін пайдалану қамтамасыз етіледі.  

         Біздің Батыс Қазақстан облыстық соттарында мемлекеттік тіл мәселесі толықтай шешімін тапты деп сеніммен айтуға болады. Мәселен, Бөрлі аудандық сотында құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Атап айтқанда, ішкі ұйымдастушылық құжаттар - өкімдер, жедел кеңестер мен олардың хаттамалары қазақ тілінде жүргізіледі.

         «Мемлекеттік тіл - рухани байлығымыздың қайнар бұлағы тәуелсіздігіміздің тірегі». Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Ең бастысы, тіліміздің мәртебесі асып, заман талабына сай жан-жақты дами түсетіні анық.

БҚО Бөрлі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

А.Н.Оразбек    

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

11 пікір

  1. аватар
    Duxvqr 5 июня 2022 04:16

    hydroxychloroquine 200mg drug - <a href="https://baricitinib.store/">buy baricitinib 4mg without prescription</a> order baricitinib 4mg sale

  2. аватар
    Karine 24 августа 2023 01:08

    Great beat ! I wish to apprentice while you amend your website, how
    could i subscribe for a blog web site? The account aided me a acceptable deal.
    I had been tiny bit acquainted of this your broadcast provided bright clear concept

    My website ... ordenar veramix
    en México

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив