Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтауы басты міндет

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтауы басты міндет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзінде асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның интитуттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге келесі талаптар қойылады:

  1. қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау;
  2. мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
  3. заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмау;
  4. азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық танытуға, дөрекілік, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құқық фактілеріне жол бермеуге, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлықтарымен өз тарапынан сын тудырмау;
  5. іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір қасиеті мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
  6. қызметтік міндеттерді орындауға байланысты заңсыз уәделер бермеу және кез келген сипаттағы заңсыз міндеттемелерді алмау;
  7. өзінің қызмет бабын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне жеке мәселелерін шешу кезінде ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың мүдделері үшін онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау оның ішінде олармен қарым-қатынасын ілгерілету үшін;
  8. мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек мақсаты бойынша, қызметтік міндеттерін орындау және рұқсат етілген қызмет пайдалану;
  9. қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеу.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Егер де әрбір мемлекеттік қызметші әдеп талаптарын мүлтіксіз ұстанып, оны орындаса, бұл мемлекеттік қызметтің дамуына орасан зор үлесін қосар еді. Сондықтан, әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - Әдеп кодексін сақтау деп білемін. 

Аида Кульманова 

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының бас маманы                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив