Шикізатты өндіруден және өңдеуден бастап минералды тыңайтқыштар өндіруге дейін – Жамбыл облысында толық циклді кәсіпорын салынуда

Шикізатты өндіруден және өңдеуден бастап минералды тыңайтқыштар өндіруге дейін – Жамбыл облысында толық циклді кәсіпорын салынуда

Жаңа жұмыс орындары, мол өнім, әлеуметтік артықшылықтар, инвестициялар мен экономикалық пайда – Жамбыл облысында бірегей жоба іске асырылуда.

Қоректік заттардың барлық негізгі топтарын қамтитын өндірістік қуаттары бар, минералды тыңайтқыштардың халықаралық жетекші өндірушісі «ЕвроХим» бірегей кешеннің құрылыс жобасын іске асыруда. Қазіргі уақытта күкірт қышқылы зауыты 32%-ға дайын: күкірт қышқылын сақтауға арналған резервуарлар орнатылып, негізгі технологиялық эстакадалар мен кесек күкіртті сақтау қоймасының монтажы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар химиялық кешеннің жобалық және жұмыс құжаттамасы әзірленуде және негізгі технологиялық жабдық жөніндегі келісімдер жасалды.

Қазақстан – Еуразиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік елдердің бірі және оның экспорттық мүмкіндіктері орасан зор. Бірақ минералды тыңайтқыштардың жетіспеушілігінен республикадағы ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлылығы соңғы 30-35 жылда күрт төмендеді. Сарапшылардың айтуынша, қазір еліміздегі егістік жерлердің тек 30%-ы ғана тыңайтқыштармен өңделеді. Дегенмен «ЕвроХим» компаниясының Жамбыл облысындағы жоспарлы өндірісі бұл жағдайды жақсартуға көмектесуі мүмкін. Заманауи жоғары технологиялық тыңайтқыштар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісін екі есе ұлғайтып, көптеген дақылдар бойынша өнімділікті арттырады. Атап айтқанда, елдегі егіс алқаптарының шамамен 80%-ын алып жатқан дәнді дақылдардың өнімділігі кем дегенде 10%-ға артуы мүмкін. Республика деңгейінде бұл өте маңызды көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, тыңайтқыштар Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Ресей және Қытай сияқты елдерге жеткізілетін болады.

Қазір Жаңатаста жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешені жұмыс істеп жатыр. Қазір компания күкірт қышқылы зауытының құрылысын жүргізіп, минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнімдер шығаруға арналған химиялық кешен жобасын қолға алды. Барлық зауыттар бір-бірімен өзара байланысты болып, стратегиялық маңызы бар өнімдердің бірнеше түрін шығарады. Бұл кешеннің басты ерекшелігі – бұл әлемдегі алғашқы толық циклді өндірістердің бірі болады. Шикізатты өндіруден бастап минералды тыңайтқыштарды шығаруға дейін барлық өндірістік әрекеттер бір кешенде жүзеге асырылатын болады.

Компанияның бас директоры Игорь Георгиадидің айтуынша, «ЕвроХим» кешенінде күкірт қышқылын артық мөлшерде шығару мүмкіндігі болады. Бұл зауыттың ішкі қажеттіліктерін және республика нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті болады.

«ЕвроХим» 2008 жылдан бері Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады және қала үшін маңызды кәсіпорын ретінде бүкіл өңірге елеулі әсер етеді.

«Инвестициялық жоба аясында біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысымызды білдіреміз. Сарысу ауданында газ құбырын тарту сияқты Қазақстан Республикасы үшін маңызды мәселелер уақытында шешіледі деген үміттемін. Өйткені аймақты газдандыру әлеуметтік жағынан өте маңызды және жаңа химиялық кешеннің уақытында іске қосылуы мен толық қуатпен жұмыс істеуіне әсер ететін факторларының бірі болып табылады.

Біз үшін мемлекеттік компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу, шикізат пен дайын өнімді жеткізу мәселелері де маңызды. Біз және Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан бізге қолдау көрсетіп отырған серіктестеріміз мұндай ірі жобаларды мемлекет тарапынан қолдау болмаса, іске асыру мүмкін емес екенін түсінеміз де, ол үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деп айтты Игорь Георгиади.

ЕвроХим өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауға көп көңіл бөледі. Қазіргі кезде кен кешенінде 650-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Компания өз қызметкерлеріне бәсекеге қабілетті жалақы төлеп, оны жыл сайын көтерумен қатар, әртүрлі бонустарды төлеуге тырысады. Қызметкерлерге компания есебінен тегін тамақ, шипажайларға демалысқа бару, фитнес-орталық қызметтері және медициналық қызметтер қолжетімді. Қызметкерлердің балаларына балаларға арналған лагерьге бару мүмкіндігі ұсынылады.

«ЕвроХим» жастарға қолдау көрсетіп, оларға кәсіптік бағыт-бағдар беруге және кадрларды дайындауға ерекше мән береді. Сондықтан Компания Жаңатас мектебінде химия кабинетін жабдықтап, Жаңатас колледжіне 300-ден астам зертханалық жабдықты сыйға тартты.

Сонымен қатар «ЕвроХим» өзінің әлеуметтік міндеттерін белсенді түрде атқарып келе жатыр. Компания аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, соғыс ардагерлеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік көмек көрсетіп, әлеуметтік осал топтарды тұрақты түрде қолдап отырады. Компанияның көмегімен Жаңатаста 5 тұрғын үй, 3 мектеп, орталық аурухана ғимараты мен мәдениет үйі қалпына келтіріліп, жөндеуден өтті, 2 автокөлік көпірі, кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстары қайта құрылды. «ЕвроХим» жыл сайын арнайы техника мен машинистерді жіберіп, Сарысу ауданындағы ауылдарда қарлы борандар мен су тасқындарының салдарын жоюға және жолдарды тазартуға көмектеседі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

21 пікір

  1. аватар
    Maurice Бүгін, 14:34

    Among grant recipients from the Asia-Pacific region are the Sri Lankan IT company Fortude, the Thailand-based Vulcan Coalition, and the Indonesian organization Kerjabilitas.
    During the COVID-19 pandemic, Microsoft's president, Brad Smith,
    announced that it had donated an initial batch of supplies, including 15,000 protection goggles, infrared
    thermometers, medical caps, and protective suits, to healthcare workers in Seattle, with further
    aid to come. On August 23, 2012, Microsoft unveiled a new
    corporate logo at the opening of its 23rd Microsoft store
    in Boston, indicating the company's shift of focus
    from the classic style to the tile-centric modern interface, which it
    uses/will use on the Windows Phone platform, Xbox 360,
    Windows 8 and the upcoming Office Suites. Microsoft's logo
    with the tagline "Your potential. Our passion."—below the
    main corporate name—is based on a slogan Microsoft used in 2008.
    The company's retail locations are part of a
    greater strategy to help build a connection with its consumers.

    The "Connector" does not compete with the public bus system and works with it to provide a cohesive transportation network not just for its employees but also for the public.


    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.