Сот жүйесіндегі ақпараттық технологияның дамуы халыққа тиімді болуда

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологияның дамуы халыққа тиімді болуда

      Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп, халық куә болып отыр. 

      Сот жүйесінде халық үшін тиімді қызмет атқару мақсатында қолға алынған жаңа ақпараттық технологиялар - «Үкімет порталы», «Сот кабинеті» арқылы келіп түсетін талап арыздар мен өзгеде арыздарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды түрде қабылдаудың жаңа сервистері, мемлекеттік  органдардың ведомствоаралық электрондық  құжат айналымының кеңейтілуінің барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде.

     Сот кабинеті арқылы арыз шағымдар беруші азаматтардың уақытын, қаржысын үнемдеуге көп септігін тигізде, сонымен қатар шалғай ауылдық округтерде тұратын тұрғындар үшін «Сот кабинеті» өте тиімді болып отыр. БАҚ бетінде жарияланған макалалар арқылы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халықпен кездесу барысында үнемі айтылып, түсіндіріліп отырылады. Сонымен қатар қолданысқа енгізілген замануи  технологияның көмегінің бірі-SMS хабарламасында айта кету қажет. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «www.sud.gov.kz» ресми сайтындағы «Сот кабинеті» бөлігіне өткен кезде қысқаша мәтіндік хабараламаны қарап, басып шығаруға арналған «Сотқа шақыру қағазы (sms)» деп аталатын қызмет бар, ұялы телефонға хабарлама барып тұрады, яғни  тараптардың сотқа қай күнге келу туралы толық ақпарат жазылады.      

        Тараптардың сотқа онлайн арқылы қатысуға мүмкіндіктері бар, бұл жөнінде сот хатшылары сотқа қатысушы тарапттармен хабарласып сот отырысына онлайн қатысуға дайындық жүргізіп, сот отырыстары онлайн өткізілуде.   

       Жалпы айтқанда «Сот кабинеті» сервисін ерекше атап кеткен жөн, себебі арыз, шағымдардың электронды түрде жолдап, өз ісінің статусын онлайн арқылы бақылап отыруға мүмкіндік бар. Қазаргі таңда эксаумақтық соттылығы бойынша арыздар түсіп қаралу барысында.    

       Еліміздің сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында, халық үшін тиімділік жағынан барлық мүмкіндіктер өз жалғасын табуда.  

Зияш Зайнуллина   

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы  

      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив