Жақсы ұстаз - өмірлік бағдарың

Жақсы ұстаз - өмірлік бағдарың

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 183 қаулысымен 24 маусым «Судья және сот қызметкері күні» болып бекітілді. Бұл жаңалық судьялар мен сот қызметкерлері үшін елеулі оқиға болып, кәсіби серпіліс әкелді. Судьялар мен сот қызметкерлеріне қоғамның құрметін нығайтып, сот жүйесіне қызығушылықты арттыруға жол ашты. Міне, осыған орай, сот саласында ұзақ жылдар табанды да адал қызмет еткен, жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау жолында аянбай тер төккен, ұстаздарымыздың еңбегі туралы айтпау, сірә де мүмкін емес. Өйткені, сот саласында қызмет етіп жүрген судьялар мен мамандарға үлгі тұтар өнеге, сөйтіп ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына себепкер болып жүргендер де - ардагер - судьялар екені анық.

        Сондықтан да, кәсіби мереке қарсаңында ең алдымен құрмет - осы тәлімгер - аға буын өкілдеріне көрсетілуі әбден дұрыс.

       Ақылды ұстаздың алдын көрген шәкірттің - бағыты айқын, бағдары түзу, шоқтығы биік болатыны бесенеден белгілі. Кемеңгер басшының уақыт өте келе ұстазына айналатыны да сол себептен болса керек.

       Мен де жақсы ұстаздың шәкірті болу мәртебесіне жетіп, жолы болған жанның бірімін.

       Айтпағым, Ақтөбе гарнизоны әскери сотына 1995 жылдың желтоқсан айында қызметке орналасқан сәтімнен бастап, сол кездегі соттың төрағасы, юстиция майоры Қыпшақ Сейдағұлұлы Байжановтың қамқорлығын көп көрдім. Халықта: «Биікке шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады», - деген қанатты сөз бар. Сол сөз, Қыпшақ ағамызға арналған ба, - деп қалам. 

       Қыпшақ Сейдағұлұлы 1953 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келген.

       1971 жылы облыстың бұрынғы Комсомол (қазіргі Әйтеке би) ауданындағы Басқұдық орта мектебін тәмамдаған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығымен қоса, «лейтенант» әскери атағын алған. 

       1977 жылдың қаңтарында Кәсіпшілер одағы Ақтөбе облыстық Кеңесінің еңбек құқығы инспекторы  болып қызметтік жолын бастаған.

       Кейін, осы мекеменің Заң кеңесі бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған. Кәсіпшілер одағы Ақтөбе облыстық Кеңесінің мүшелігіне кандидат, Төралқа мүшесі болып сайланған. Сөйтіп, партия-кеңес органдарында тәжірибе жинақтаған, зиялы басшылардан тәрбие алып, әділдікке, қарапайым еңбекшілердің құқығын қорғауда табандылық танытуға бейімделіп, шыңдалған.  

       1987 жылы Ақтөбе қаласының Фрунзе аудандық, 1989 жылы Ақтөбе қалалық халық сотына судья болып сайланған. Бірінші сатыдағы сотта  қызметін адал атқарып, 1991 жылы Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Ақтөбе облыстық сотының мүшелігіне тағайындалады.

       1992 жылы Қазақстан егемендігін алуына сай, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасақталды. Әскери құқық қорғау органдары да, оның ішінде әскери трибуналдар да (соттар), өз жұмыстарын Қазақстанның мүддесіне сай, қайта құру кезеңін бастады. Міне, сол кезде Қыпшақ Сейдағұлұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мүшелігіне тағайындалды. Сөйтіп, Егемен еліміздің әскери сот құрылымдарының жасақталуына және сот билігін жүзеге асыруларына еңбегін сіңірді.

       1995 жылғы маусымда Қыпшақ Сейдағұлұлы Батыс аумақтық Ақтөбе гарнизоны әскери сотына төрағалық қызметке ауысты. Осы қызметті он үш жыл бойы абыройлы атқарып, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Орталық аумақтық Қостанай гарнизоны әскери сотына, содан соң 2012 жылы Қарағанды гарнизоны әскери сотына төрағалық қызметке жіберілді. Қай гарнизонда болмасын, Қыпшақ Сейдағұлұлы сот төрелігін әділдікпен жүзеге асырып, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамдарының құрметіне бөленді. Ал, өзі басқарған сот ұжымдарының қызметкерлерінің ықылас ниеттері шексіз екендігі бір бөлек.

       2017 жылы наурызда Қыпшақ Сейдағұлұлы отыз жылдай судьялық, оның ішінде жиырма екі жыл гарнизондық әскери соттардың төрағалық қызметін атқарып, әділет полковнигі әскери атағымен құрметті доғарысқа шықты. 

       Қазіргі таңда Қыпшақ ағамыз Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының мүшесі ретінде адвокат болып кәсібін жалғастыруда.

       Көп жылғы еңбегінің нәтижесіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» юбилейлік медалі, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» белгісі және «Қазақстан Республикасы әскери соттарының 2003 жылғы үздік судьясы» Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрметті мүшесі», «Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің ардагері» төсбелгілері мен бірнеше юбилейлік әскери медальдар - куә.                 

       Төреліктің туын жықпаған Қыпшақ Сейдағұлұлы ағамызды кәсіби мерекесімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, өзгелерге ұқсамайтын биік қалпында ұзақ ғұмыр жасасын, - деп тілек білдіремін.  

Г.Ж.Торжимбаева 

Ақтөбе гарнизоны әскери

соты әкімшісінің бас маманы                                            

            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив