Мемлекеттік қызметкер – мемлекет айнасы

Мемлекеттік қызметкер – мемлекет айнасы

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын жан-жүрегімен сезініп, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.

Сот саласында өнеге көрсететін, үлгі болатын мамандар бар. Соның ішінде Орал қаласының №2 сотының бас маманы Беккалиева Гүлжайна Жасқайратқызының орны ерекше.

Гүлжайна Жасқайратқызы еңбек жолын 1993 жылы басқа саламен бастап, 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында жұмыс  істеп келеді.

Сот саласында еңбек етіп жаңа тағайындалған мамандарға тәлімгер болып, өзінің тәжірибесін беріп олардың кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне ықпал етіп, жаңа қызметкерлерге ұйымда бейімделуіне көмектеседі.

Тәлімгер, бір жағынан мекемеге қатысты қызметкерлердің қызығушылықтарын танытады, екінші жағынан қызметкерлер үшін мекеме өкілі болып табылады.  Гүльжайна Жасқайратқызы  тәжірибесімен  бірнеше сот мамандарын үйретіп келе жатқан тәжірибелі маман. 

Атқарған жұмыстары  еленіп, еңбегі  бағаланып бірқатар алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын да алды: 2012-2014 жылдар аралығында Орал қаласының №2 сотының  төрағасының мақтау қағаздарымен, 2016 жылы ҚР-ның 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні мерекесі қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыста елеулі жетістерге жеткені үшін Батыс Қазақстан облысы соттар әкімшісінің басшысы табыстаған «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласы әкімінің Алғыс хатын алған. Соған қоса, 2020 жылы сынақтан өтушілердің кәсіби қалыптасуы мен тәрбиесіне елеулі үлес қосқаны үшін Батыс Қазақстан облыстық соттар әкімшісі басшысының «Құрмет» грамотасына ие болды.

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар Гүлжайна Жасқайратқызының бойынан табылады, өз жұмысына жауапкершілікпен, адал қарайды және әріптестеріне үлгі болып жүрген қызметкерлердің бірі.

Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, халықтың сенімін ақтайтын, ел абыройын асқақтатын Гүлжайна Беккалиева тәрізді мемлекеттік қызметкер болу – алдыма қойған мақсатым. 

Данара Уразаева

Орал қаласының №2 сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив