Сотты құрметтеу – заң үстемділігін құрметтеу

Сотты құрметтеу – заң үстемділігін құрметтеу

«Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады» Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабы 1,2-бөліктері.

Сот реформасын әрі қарай жетілдіру мәселесі қазіргі таңда еліміздің экономикасында, әлеуметтік салада, тұтас әлемде шұғыл түрде жасалып жатқан бетбұрыстар, жаңа бағыттар мен өзгерістерге байланысты туындап отыр. Тәуелсіз сот төрелігін толыққанды орнату сот жүйесі қызметінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды дұрыс қолданудағы пәрменділігін арттыру қажеттілігінен туындайды.

Ата Заңымыз-Конституцияның 13 және 14 баптарындағы «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар», «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»-деген қағидалар - еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап бүгінгі күнге дейін құқық саласындағы басымдық беріліп келе жатқан негізгі бағыттар. Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - Қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында сот реформасының маңызын айта келе «Әділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі»-деп атап көрсетуі мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттың ерекше ролін көрсетеді.

Жалпы қандай мемлекетте болмасын қоғамда заңдар орындалып, әділеттілік үстемдік құруы үшін сот корпусы жоғары моральдық қасиетке ие, шын мәніндегі білікті мамандардан құралуы керек. Сот төрелігі институты Сот төрелігі академиясы болып қайта құрылып, Жоғарғы Соттың қарамағына беріліп отыр. Академияның негізгі бағыттары Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен айқындалады. Олар: жоғарғы оқу орындарындағы оқудан кейін магистратурада мамандандындыру, сот саласы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және сот қызметі жүйесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Бүгінгі күні дыбыс-бейне жазу құралдарымен еліміздегі соттар 100 пайыз толық жабдықталған. Осы заманымызға лайықты техника жетістіктері сот процесінің өту барысын түгел жазып отырады. Сондықтан осы жағдай сот процесіне қатысушыларды тәртіпке баулиды, орынсыз арыздардың болуын тежейді, тараптардың, тұлғалардың, прокурордың, қорғаушының істегі дәлелдерді тексеруге қатысуына мүмкіндік туғызады. Сонымен катар, сот талқылауларының ашық, жариялы болуын қамтамасыз етеді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив