Қазақстан Конституциясына 25 жыл

Қазақстан Конституциясына 25 жыл

Биыл, Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл. Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы.Ол ғылыми, саяси, құқықтық тұрғыда материалдық, нысандық мағынада үлкен мән-маңызға ие. Ол - әрбір азаматтың өмірдегі қарым қатынасының күнделікті іс әрекетінің негізі, ол бүкіл еліміздің бітім болмысы.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып жаңа Конституцияны қабылдадық.

Конституция 9-бөлімнен тұрады. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм. Конституцияның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін көрсетеді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану - ел тәуелсіздігінің көрінісі. Ең бастысы, бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, ел болу жолындағы басты міндеттердің бірі - Конституцияның құрметін арттыру. Осы Ата заңымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел игілігіне  қызмет етіп келеді

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұнына да әсер етеді. Бұрынғы қалыптасқан түсінік бойынша адамды заңбұзушы - бұзақы ретінде көру келмеске кетіп, керісінше, кінәсіздік презумпциясын басшылыққа алу кең өріс алды. Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау,   сот пен заң алдындағы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құқықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты.

Сот үш биліктің біреуі болғандықтан Конституцияның 7-бөлігі соттар және сот төрелігіне арналған. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылып азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Бұл өзгерістер мемлекеттің адам құқығын қорғаудағы жалпыға танымал стандарттарға жақындауының аса маңызды бөлігі. Бұл соттың бақылауды кеңейтудің және алдын ала зерттеу жүргізу кепілдігін енгізудің алғашқы қадамы. Бүгінгі күні елдегі сот жүйесі де Конституцияға сәйкес, әрі қарай дамуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр. Қазір сот жүйесі қоғамның тұрақты, сенімді құқықтық кепілдігіне айналды деп айтуға толық негіз бар. Еліміздің әрбір азаматының парызы мен міндеті – Конституцияда көзделген қағидаларды бұзбай, конституциялық құндылықтарды қорғау. Елімізде заң үстемдігін орнатамыз десек ең алдымен Конституцияны және осыған негізлелген барлық заңдармен өзге де құқықтық актілерді бұлжытпай орындап, сақтай білуіміз керек.

Болашағымыз Конституция бойынша өмір сүре білуімізге тікелей байланысты. Конституция мерекелік құжат емес. Бұл күнделікті қолданыста болуы қажет. Әр азамат өз қадамын онымен орайластыруын міндет деп ұғынғаны жөн.

 

Гулжихан Сагитова,

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы

                                                                             

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

22 пікір

  1. аватар
    Genesis 7 августа 2026 12:18

    Vor längeren Spielsessions kann es sinnvoll sein, die Performance der Spiele im eigenen technischen Umfeld zu testen, um einen möglichst reibungslosen Ablauf sicherzustellen. Für uns ist es besonders
    wichtig, dass die Anmeldung stets mit echten und korrekten Personendaten erfolgt.
    So kann ein möglichst reibungsloser und unterbrechungsfreier Ablauf gewährleistet werden. Zusätzlich halten wir es für wichtig, auf externe Hilfsangebote bei problematischem Spielverhalten hinzuweisen, um eine
    verantwortungsvolle Nutzung zu unterstützen.

    References:
    Instant Casino ohne Einzahlung Bonus

  2. аватар
    Stephaine 8 августа 2026 14:20

    Der Bonus in Anspruch genommen werden, bevor das eingezahlte Guthaben genutzt
    wird. Swift liefert eine solide Merkur-Auswahl, hebt sich sonst aber kaum vom Feld ab.
    Der 400-%-Bonus bis 100€ lohnt sich nur für Spieler, die
    50-fach umsetzen wollen. 150 Freispiele über 7 Tage für
    ausgewählte Spiele, gültig ab 10 Uhr, Freispielgewinne 35x umsetzen, max.


    References:
    https://s3.amazonaws.com/new-casino/Bwin-Casino-App.html

  3. аватар
    Elise 8 августа 2026 14:26

    Deutsche Spieler müssen beachten, dass myempire casino keine GGL-Lizenz besitzt und nicht an das
    nationale Selbstsperrregister OASIS angebunden ist. Besonders das
    breite Krypto-Portfolio mit zehn unterstützten Kryptowährungen und die schnelle Auszahlung per
    E-Wallet innerhalb von 24 Stunden sind für viele Nutzer entscheidend.
    Das Angebot von myempire casino hebt sich durch mehrere
    konkrete Merkmale ab, die für erfahrene Spieler relevant sind.

    Das Spielangebot umfasst über 9.000 Titel von mehr als 85 Softwareanbietern, darunter Pragmatic Play, Evolution Gaming und
    NetEnt.

    References:
    https://s3.amazonaws.com/

  4. аватар
    Vanita 18 августа 2026 20:54

    We will be coming back to try the food next week.
    All of the staff we encountered were professional and fun. "Nice place to hang out and delicious south Indian dishes. Food was fresh and hot. "I
    love Five Guys (I've worked at 3 of them) but the Ashburn VA location usually leaves me somewhat disappointed.
    "Had another great meal at Yens.

    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.