Сот жүйесі

Сот жүйесі

 

Сот жүйесін жалпы түрде қарастырғанда ең бірінші «Сот билігі» терминімен қоса сот немесе сот жүйесінің тұрғысынан алғандағы түсінігінде соттың атқаратын қызметі мен оның құрылымының ерекшелігін баса көрсете отырып жинақтау болып табылады. Ең алдымен «Сот билігі», «сот билігі» түсінігіне анықтама беру  күрделі процесс. Оның қазіргі заманғы жағдайдағы түсінігі тәуелсіз де, сонымен бірге билік бөлу жүйесінен бірден - бір ерекше орын алатын халықтық билік жүйесі мен құқықтық мемлекеттік өкіметтің құрамдас бөлігі деп қарауға жатады - деп өз көз - қарасын білдіреді.
Енді осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге басылымдағы сөздіктерге назар аударып көрсек. Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, мынандай көрініс бар. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады,» - деп Ата заңымызда бекітілген.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары биліктің басқа тармақтары тәріздес сот жүйесінде де біршама реформалар жүргізіліп, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде, сонымен қатар жаңа заман талабына сәйкес жетілдіріліп, даму үстінде.
Әрине, ең алды, сот жүйесіне қатысты, оның ұйымдастырылып, қызмет етуінде, қолданылатын: сот билігі, сот төрелігі, юстиция, сот, сот жүйесі, мамандандырылған соттар сияқты терминдерге назар аударып, соларға тоқталайық. Ол үшін ең алды анықтамалық сөздіктерге тоқталсақ.

Сот төрелігі - бұл қоғамдық қатынастарды қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің құқықты нақты қоғамдық қақтығыстарға қажет болған жағдайларда мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып қолдану жолымен жүзеге асырылатын ерекше түрі. Сонымен қатар, сот билігі - мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай - ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік, патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше қызметі болып табылады. Міне, бұл ғалымның берген анықтамалары осындай. Қ. Мәми өз еңбегінде, осы мәселеге келесідей анықтама береді: «сот билігі - біріңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы, ол Конституциямен бекітілген және мемлекет атынан  тек  соттармен жүзеге асырылады. Соттар арнаулы мемлекеттік орган ретінде заңмен көзделген негізде құқықтық дауларды, істерді және өзге де жүктелген міндеттерді, адам құқығын, бостандығын, мемлекеттің, мекеменің мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асыруға өкілетті. Ол мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде іске асырылатын, бүкіл аумаққа таралатын, орындалуға міндетті шешімдер қабылдауға құқылы» - міне осынау толық түрдегі анықтаманы көруге болады. Демек, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік – құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдында дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді деп көрсетеді. Б.Д. Мақұлбековтың ойынша – «Сот - іс жүргізу тәртібіне сәйкес өзінің құзырына жатқызылған қылмыстар мен іс - әркеттер туралы, мемлекеттік биліктің өзге де органдары мен институттарының және лауазымды адамдардың азаматтарға қатысты әрекеттерінің заңдылығы туралы істерді қарайтын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қажет болған жағдайда, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып, құқық қолданатын, Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ететін ерекше, тәуелсіз және тек  заңға бағынатын орган - деген көзқарас бар.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы Ұ.Нұрахманова.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.