БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры өткізілді

БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры өткізілді

Үкіметтің қаулысымен осы жылы мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды мейраммен -  24 маусым, Судья және сот қызметкері күнімен толықтырылды.

Кәсіби мереке, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының соты БАҚ өкілдері үшін ақпараттық-имидждік баспасөз турын ұйымдастырды.

Кездесуге масс-медиа өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Жоғарғы Соттың құқық және тарих мұражайына экскурсия өткізді, журналистердің назарына тәуелсіздік алған жылдарда сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін фото және бейнематериалдар, экспонаттар ұсынылды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Сайран Әлімбаева 5 аудандық сот орналасқан елорданың аудандық соттарының жаңа ғимаратында эксурсия өткізді.

Журналистерге заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері, фронт-офистің жұмысы көрнекі көрсетілді, сондай-ақ олар істерді электрондық форматта қарау үшін инновациялық техникалық жабдықтармен және автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған сот отырысы залдарында болды.

Спикерлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот жүйесінің қызметін жариялауға қосқан қомақты үлесін атап өтті.

Спикерлер журналистерге іскерлік қарым-қатынас үшін алғыс білдіріп,  оларға творчестволық табыс тіледі.

Іс-шара соңында БАҚ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив