Облыстық сотта бейнеконференцбайланыс арқылы БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша семинар өтті.

Облыстық сотта бейнеконференцбайланыс арқылы БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша семинар өтті.

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен бейнеконференцбайланыс арқылы БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары, азаматтық істер бойынша БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Тұрсын Уразова, қылмыстық істер бойынша БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Ғизатолла Қырықбаев, облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Нұргұл Қанатбаева, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьялары, кеңсе меңгерушілері мен БАҚ-пен жұмысқа жауапты сот қызметкерлері қатысты.

Семинарда  аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен өзара іс-әрекет жұмысы, үйлестіруші-судья туралы Ереже талаптары, БАҚ жұмысына жауапты мамандардың міндеттері, жауапкершілігі, сыни материалдар мен әлеуметтік желі жұмыстарын жүргізудегі жаңа талаптар талқыланды.

Одан әрі баспасөз қызметінің басшысы Н.Қанатбаева қатысушыларға үйлестіруші судьялардың әлеуметтік желідегі жұмыс бағыттарын, ондағы талаптарды, желі арқылы түскен сұрақтар мен шағымдарға дер кезінде жауап беру керектігін түсіндірді.

Қазақстанның сот органдары үшін 2020 жыл Коммуникация жылы болып жарияланғаны бәрімізге мәлім. «Бүгінгі күні әлеуметтік желі – жаһандық коммуникациялық арна. Сот өкілдері соттардың қызметін әдеттегі БАҚ-та ғана емес, әлеуметтік желіде де ақпараттық сүйемелдеу қажеттігін түсініп, оған белсенді қатысады. Баспасөз қызметінің басшысы біздің жұмысымыздың маңызды міндеті – қоғаммен кері байланыстың тиімді жүйесін дұрыс құру,- деп айтып өтті.

Семинардың мақсаты - әлеуметтік желілер арқылы ақпарат беруде түрлі әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері туралы білім алу, оларды тиімді пайдалану жолдарын үйрену, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің ақпаратты әлеуметтік желі арқылы беруде білімдері мен дағдыларын арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында қатысушылар соттармен БАҚ-тың өзара қарым–қатынас жасауы бойынша пікір алмасып, ұйымдастырылған мәселелер тәртібін реттеуді талқылады.

Сонымен қатар, сот пен БАҚ-ның тиімді ынтымақтастығын әрі қарай дамыту және өзара іс-қимылдарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдары талқыланды.

Осы жиында әр соттың жыл басынан бері ақпараттық және көпшілікпен байланыс жұмыстары сарапқа салынды.

Іс-шара соңында қатысушыларға алдағы жылға жұмыс жоспарларын құру, БАҚ-пен байланысты арттыру, әлеуметтік желідегі жұмысты бір ізге салу бойынша тапсырмалар берілді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив