Облыстық сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыстық сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні – кәсіби мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық  сотында  облыстық сот төрағасы Бек Әметов БАҚ өкілдерін құттықтау бойынша салтанатты іс-шара өткізді.

Шараға облыстық соттың судьялары, БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші-судья Ғизатолла Қырықбаев, БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов және облыстың сот жүйесінің жаңалықтарын таратуда белсенді деп саналатын БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні – ақпарат ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады, өйткені әділ ақпаратты дайындау және таратуда журналистердің еңбегі зор екендігі сөзсіз.

Мемлекет және қоғамның құрылуы мен дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін жоғары бағалап, сонымен қатар, сот жүйесіне көрсетілетін ақпараттық қолдау мен әріптестік үшін журналистерге алғыс білдіріп Бек Әметов БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтап, олардың сот жүйесі қызметін жарықтандыруда көрсеткен ақпараттық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, құттықтаулары мен білдірілген ықыластары  үшін алғыс сөздерін айтып, облыс соттарымен одан әрі әріптестікті жалғастыру бойынша алдағы уақыттағы жобалары және жоспарларымен бөлісті.

Шара барысында сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығын насихаттауға қосқан үлесі және осы саладағы жетістіктері үшін, өткір қалам өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

 

 

Нұргүл Қанатбаева

БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив