Алғаш рет елордада жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу бойынша ашық диалог алаң өтті

Алғаш рет елордада жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу бойынша ашық диалог алаң өтті

Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастар мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Өйткені табыстың іргелі факторы тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дарыту болып табылады.

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды имплементациялау, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады.

Әлемнің дамыған елдерінде таралған Академиялық адалдық осы жұмыста пәрменді құралға айналуы тиіс.

Осылайша сыбайлас жемқорлықтан берік әлеуметтік иммунитеті бар азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптастырылатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Әдеп" жобалық офисімен бірлесіп, елорданың жоғары оқу орындарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу бойынша ашық диалог алаңын өткізді.

Негізгі мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық, адалдық, сенім құндылықтарын барынша насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ, "Тұран-Астана" университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Қазақ ұлттық өнер университеті, Қаржы академиясы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Astana IT University, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Астана халықаралық университетінің өкілдері оффлайн онлайн да қатысты.

Жиналғандарды құттықтай отырып, Ілияс Базилов «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін шешу көбінесе жастардың ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасқан елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастар жетекші рөл атқарды. Мәселен, жастар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша одан әрі жүйелі жұмысы бойынша ұсыныс енгізіп отырады.».

Студенттердің пікірінше, тәжірибе алмасу бойынша бүгінгі алаң оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кейстермен танысуға және әшкерелеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Пікірталас алаңының нәтижелері барлық білім беру мекемелерінің контингентін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл идеясы төңірегінде топтастыру, сондай-ақ іс жүзінде нәтижелерді көрсету, елдің барлық жоғары оқу орындарында имплементацияланатын тетіктер мен модельдік үлгілерді әзірлеу міндетін қояды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Isidro 26 апреля 2024 11:09

    Its like you read my mind! You appear to know so
    much about this, like you wrote the book in it
    or something. I think that you could do with a few pics to drive the
    message home a little bit, but instead of that, this is excellent blog.
    A fantastic read. I will definitely be back.

    My web page; achat norterol Maroc en ligne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив