Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры. Осыдан тура 30 жыл бұрын тәуелсіздігіміз жарияланып, халқымыздың туы көкке көтерілді.

Халқымыз азаттыққа қол жеткізді. Ата – бабаларымыз неше ғасыр арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі ұрпақ сөзсіз бақытты.

Қазақ мемлекеті - байтақ тарихын тасқа басқан көк түркінің текті ұрпағы ХХІ ғасырда елдік тұғырын нығайтты, теңдік туын желбіретті.

Мәңгілік ел – бұл ұлы өзінің бастауларын тарихи тамырлардан алатын ата-бабаларымыздың асқақ арманы, ал оны жүзеге асыру бұл біз жастардың қолында.

Мәңгілік елдің-сара жолы бұл қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан кейінгі 100 жылдықтағы терең патриоттық ұстанымы.

Ең үлкен жолдың өзі шағын қадамнан басталады.

Бүгінгі күні бүкіл әлем өз дамуының күрделі кезеңін бастан өткізуде 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміз өзінің көптен күткен мемлекеттік Тәуелсіздігіне ие болды.

Бұл біздің халқымыздың барлық ұрпақтары армандап келген ұлы бақытты сәті еді. Бізге осынау ерекше оқиғаны жүзеге асыру бақыты бұйырыпты.

Бейбітшілік пен келісім біздің дамуымыздың басым бағыты болып табылады.

Тарихта мәңгілік қалу үшін біздің жарқын болашағымызды қамтамасыз ету үшін бүгінгі күннің қасиетті дәстүрлерін дамытып қана қоймай оларды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру қажет. Тарих - шындыққа айналған тағдыр. Әр қилы тағдырдың тоғысып адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тағдырына айналады.

Сондықтан дүние тегершіге айналған сайын тарлан тарихтың қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес.

Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайын деп отыр.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман!

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері 30 жылда өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.  Жас мемлекетіміз осындай аз уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ  армандары мен қайсар рухының жемісі.

Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Елбасының «Қазақстанның Тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.

Қорыта айтқанда, Тәуелсіздік сөзі - қасиетті, киелі деп білемін.

Тәуелсіз ел болуды армандаған ата-баба арманына біздер, аманаттай қарауымыз қажет.

Олар көре алмаған егемендікті, елдікті, теңдікті бағалауымыз қажет. Тәуелсіздік - ел тұғыры- мәңгілік.

Тәуелсіздік сөзі - бұзылмайтын, алынбайтын қамалдай болсыншы деп ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай өз сырымды жырмен аяқтағым келеді:

«Тәуелсіздік» мәңгілік менің - тұғырым,

Елдіктің туы желбіреген күн бүгін.

Айналайын қазағым -ау теңелдің.

Айбыны -асқақ, беделің- биік, шыңымсың!

Тәуелсіз елім - жасай бер, жайна, шарықта!

Елдігім менің сақталған мәңгі қазына.

Елімнің күні шуақтай нұры жайнасын ,

Тәуелсіздік тұғыры -мәңгілік болсын ғұмыры!

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  

Таншолпан Жақсылық

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив