«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-
деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы,1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңының атуына себеп болды. Бұл күн-еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күннен бастап көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 30 жылға таяу уақыт өтті. Осы жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, құндылығымен халқымыздың есінде мәңгілік қалары анық.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ,оның ең бірінші өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде Ата заңымыз қабылданып, Ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз арқасында қарыштап дамуда. Алға қарай даму мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот отырысын өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.
Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты деп санаймын.
«Барлық игіліктерден ең ұлы– тәуелсіздік», - деп Годвин айтқандай, біз тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін нығайту керек.
Мұғалжар аудандық сотының
жетекші маманы А.С.Сатканбаева
[xfvalue_img]
22 пікір