Колледж студенттерімен офлайн кездесу

Колледж студенттерімен офлайн кездесу

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Орал қалалық ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен және Орал қаласы жоғары гуманитарлық-экономиялық колледжінің 1 курс студенттерімен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқықтық  сипаттағы кездесу өткізді.  

Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторы Ерлан Каменов   кәмелетке толмаған жасөпірімдерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алуы, ұсақ бұзақылық жасау,түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүру,міндетті орта білім алудан жалтару жағдайлары орын алған жағдайда заңда көзделген жауапкершілік пен жаза түрлері туралы түсіндіріп,айтып өтті.. 

Жетекші маман Н.Туныкова  балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық -зомбылық туралы сөз қозғады, себебі бұл тақырып қазіргі кезде кеңінен таралған мәселе болып отыр, сонымен қатар оқушылардың моральдық және отбасылық құндылықтарды басшылыққа алуға және заңдарды қатаң сақтауға шақырды. 

Тұрмыстық зорлық -зомбылықпен бетпе -бет келген балалардың әлеуметтік және эмоционалдық проблемаларының даму қаупі өте жоғары және физикалық және психикалық даму мәселелері,оқу қиындықтары, оқу үлгерімдері нашар болады. Сонымен қатар өзін-өзі бағалаудың төмендігімен, мазасыздық пен депрессиямен сипатталуы мүмкін, бұл қауіпті мінез-құлық пен суицидтік үрдістерге әкелуі мүмкін екендігі айтылды. 

Психолог С.К.Жапакова бірінші курс студенттеріне қолайлы орта құру, олармен байланыс орнату, топтық бірлік пен өзара түсіністік қалыптастыру мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді. 

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды және өткізіліп отырған іс -шараларға ризашылықтарын білдірді.

Колледж басшылығы оқу орынында қауіпсіз ортаны құру бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғасатындығына және колледж студенттерімен жұмыстар жүргізетіндіктеріне сендірді. 

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив