АЖЫРАСУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ

АЖЫРАСУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ

 

«Отбасы шағын мемлекет» десек, демек, ол «үлкен» мемлекеттің тұғыры, діңі, фундаменті. Оның ұйытқысы  отағасы немесе отанасы болып қандай жағдай болса да, отбасы мүшелері өмірдің романтикаға толы немесе кинодағыдай болмайтыны, оның өзіндік бейнеті мен жеткілікті проблемалары барын оған төзіп, сабыр ете білу керектігін естен шығармау керек. Тұғыры мықты болса, мемлекетіміз де мықты. Ажырасудың проблемалық жоғары деңгейге жетуі, некенің институт ретіндегі ыдырауы.

Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қадіріне жете алмай, сыйластығы мен өзара құрметі солғындап, қиын-қыстау күн кешіп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Оның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, отбасы функциясының, атап айтқанда шаруашылық қатынастарға байланысты тұрмыс тауқыметі мен материалдық мұқтаждықтар, әлеуметтік теңсіздіктер, қызметтік(жұмыссыздық) проблемалар, жеке бастарында баспананың болмауы.

Екіншіден, моральдық психологиялық факторлар; маскүнемдік, құмарлық (өзара сенімсіздік, көзге шөп салу, нәсіпқұмарлық, қызғаныш), ситуациялық қиындықтар (әйелдердің өмірге объективті көзқарасы болмай қанағат тұтпауы, көршілеріміз үлкен үй соғыпты, жаңа көлік алыпты, жыл сайын шипажайларда тынығады екен» тағы басқа деген сөздері) алғашқыда жас келіннің тамақты  дұрыс пісіре алмауы немесе күйеуінің балғамен шеге қаға алмауыда, әйелдердің тұрмыс құрған соң тек күйеуімен ғана жеке өмір сүріп, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана жұмсауды мақсат еткен көзқарастары, ата-ене, туған-туыс, қайын-жұрттың екі жастың жеке өміріне араласуы, олардың арасындағы түсініспеушілік (дұрыс той жасалмады, жақсы киіт кигізбеді, құдалықты жақсы күтпеді, деген болмашы сөздер)

Үшіншіден, физиологиялық факторлардың да орын алуы, денсаулықтағы кінәрат, біреудің аурушаң болуы, перзент сүйе алмау, осының бәрі айтарлықтай күйзеліске ұшыратып, ең аяғында бір-біріне дұрыс көңіл бөлмей, өзара жанұялық қатынастарға немқұрайлы қарауы да, отбасылық өмірдің құндылығымен салыстырғанда түкке тұрмайтын болымсыз сыртқы-ішкі факторлар, олардың бәрі ерлі-зайыптылар арасын бірте-бірте алшақтатып сызат түсуіне себепкер болады.

Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін емес. Алайда, оған міндетті түрде тоқтау қажет және оған тоқтату бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу-бұл өз әдеттерімізден айрылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту. Сондықтан, болашағы биік қоғамда осындай келеңсіз жағдайлар болмау үшін, қалай болғанда да өзіміздің ұлттық дүниетанымымызға  ғасырлардан нәр беріп келе жатқан отбасылық құндылықтарға зер салып, жоғалтпай, отбасылық құныдылықтарды сақтауымыз, даукестікті азайтып, керісінше заманның, уақыттың ағымына қарай мәдениетімізді, ой-парасатымызды көтеруіміз керек.

 

 Ж.А.Кунаева Ж.А. Ақтөбе облысы

                                       Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

  1. аватар
    Pawel 6 апреля 2023 10:33

    Hey! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
    I'm trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I'm
    not seeing very good success. If you know of any please
    share. Many thanks!

    Here is my webpage - Berkeley

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив