Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу

 

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО ҚАЖД Пробация қызметі қызметкерлерімен және Орал қаласы Абай полиция бөлімінің инспекторларымен бірлесіп, Еуразия индустриялды-экономикалық колледжінің студенттерімен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқықтық  сипаттағы кездесу өткізді.  

Іс шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру.

Кездесу барысында соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова  әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы  түсіндірді.

Бас маман С.Сисенова студенттерге оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын және колледж жарғысын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.

БҚО ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы Б.Сарсенов осы тақырыпқа бағытталған арнайы  бейнеролик көрсетіп, әрбір құқықбұзушылық түріне қолданылатын жаза туралы баяндады.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Колледж басшылығы сөз сөйлеушілерді ұйымдастырылған кездесу үшін өз алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, оқу орнын қауіпсіздік ортаға айналдыру мақсатында  профилактикалық жұмыстары жалғастырылатынын уәде етті. 

  

 

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Lorri 23 сентября 2023 03:19

    I'm really inspired along with your writing skills and also with the format for your weblog.
    Is that this a paid topic or did you customize it your self?
    Anyway keep up the excellent quality writing, it's uncommon to peer a nice blog like this one today..


    my site cena flonase na receptę w Polsce

  2. аватар
    Tania 10 апреля 2024 07:34

    Hello there! I could have sworn I've visited this website before but after looking at a few of the articles I
    realized it's new to me. Regardless, I'm definitely delighted I found it and I'll be book-marking it and checking back frequently!


    my webpage - suprax pour une santé optimale

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив