Болмасаң да, ұқсап бақ...

Болмасаң да, ұқсап бақ...

Әрбір адам баласы өмірде ұлы тұлғаларға еліктеп, олардың жасаған ісін, жүрген жолын қайталағысы келеді. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді. Сондықтан әрбір адам армандап, сол арманына біреуі жетіп, біреуі жетпей, тіпті біреулері одан да асып кетеді. Күндер өте келе, сол адамға қалай ұқсап бара жатқанын аңғармай қалады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сөз – қойған мақсатына жетуге ұмтулыдан шаршамай келе жатқан әріптесім Назгүл Құрманғалиева хақында болмақ.

Білімді, шыншыл, талапшыл, адамгершілігі мол, үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп құрметтеп сыйлайтын Назгүл Меңдіғұлқызының мемлекетке адал да, абыроймен қызмет атқарып жүргеніне он екі жылдан астам уақыт өтті.  Сот саласында қызмет атқарып жүрген ол – кейінгі буын жас мемлекеттік қызметшілер үшін ісімен де, сөзімен де үлгі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев мемлекетті тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің бойынан келесі негізгі қасиеттер табылуы шарт деп атап өткен болатын. Олар – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзінің жұмысының маңыздылығын сезініп, өз елінің патриоты болуы керек десе, әріптесім осы қағидаларды жадында берік ұстанған нағыз патриот жан.

Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой. Сондықтан, оның бойында кәсібилікпен қатар өте жоғары моральдық қасиеттері де табылады. Бүгінде мемлекеттік қызметке келушілердің дені – жастар. Сондықтан жас буын арасында мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыруды кеңінен насихаттауда да Назгүл Меңдіғұлқызының еңбегі орасан.

Ардақты ана, қос немересіне аяулы әже, әріптестері арасында сыйлы да, құрметті жан туралы ауыз толтырып айтар сөз көп. Бір сөзбен айтқанда жаныңда жүрген жақсы адамды бағалай білейік.

О.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив