Кәсіби біліктілігі жоғары маман иесі-мұрағатшы туралы

Кәсіби біліктілігі жоғары маман иесі-мұрағатшы туралы

Мұрағатшы-сақтаушы немесе мұрағат қызметкері, оның басты міндеті мұрағат жұмысын және оның құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру.

Мұрағатшының кім екенін және қандай қызмет атқаратынын білу үшін, сонау бірнеше ғасыр бұрыңғы тарихтан, яғни 1720 жылы елдегі мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың негіздерін анықтайтын және барлық мемлекеттік билік органдарында мұрағаттарды енгізуді ұйғарып бас регламент  немесе Жарғыға І Петр қолы қойылғаннан бастау алған.

Сонымен бірге «актуариус» жаңа лауазымы енгізілді-сот жазушысы, ол сотқа ұсынылған актілерді тіркеуге енгізіп қана қоймай, оларды жазған. Уақыт өте келе актуариустың міндеттері сот ісін жүргізу шеңберінен шығып, лауазымы «архивариус» деп аталған. Мұрағаттану жеке пән ретінде қалыптасуы барысында ХХ ғасырдың басында синонимдерге айналған бұл терминдер біртіндеп қазіргі заманға сай -мұрағатшы атауына ауыстырылды.

Мұрағатшының негізгі лауазымдық міндеттеріне-мұрағат ісін электронды немесе қағаз түрінде ұйымдастыру, кіріс құжаттарды қабылдау және мұрағатқа енгізу, мұрағаттық құжаттарды немесе оның көшірмелерін уақытша пайдалануға беру, мұрағаттағы құжат айналымы бойынша анықтама жасақтау, сұрау түскен ұйымға мұрағаттық құжаттарды жеткізу, өрт қауіпсізді ережесін бақылау болып табылады.

Жоғарыда аталып өткендей, кәсіби біліктілігі мол, сот саласында көп жылдан бері абыроймен қызметін адал атқарып жүрген әріптесіміз Нұрсұлу Жұмашқызы Жакупованың есімі сот тарихында алтын әріптермен жазылатынына сенімім зор.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы архивариус болып 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын сот саласына арнаған Нұрсұлу Жумашқызы білікті маман иесінен бөлек, адал жар, ардақты ана, ортада беделді, үлкенге де кішіге де құрметпен қарайтын, өзін де өзгені де сыйлата білетін, адамгершілігі жоғары, өнегелі еңбегімен, тындырымды іскерлігімен, қарапайымда парасатты мінезімен үлкен абыройға ие тұлға.

Әріптесіміз Нұрсұлу Жұмашқызын Қазақстан Республикасының ата заңы Коститутция күні қарсаңында құттықтай отырып, ғұмырыңыз ұзағынан,  көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілеймін. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы А.К. Ахонова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив