7 мамыр  -  Отан  қорғаушылар  күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

         Отан қорғаушылар – еліміздің тірегі, айбынды әскеріміздің қорғаны. Ал 7 мамыр – төл әскеріміздің төл мейрамы, Елбасы айтқандай, «мем­лекетіміздің қуаты мен сенімділігін әр­қашан айғақтап тұратын күн» болмақ. 

7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Сондай-ақ, бұл күні Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарттарымызға құрмет көрсетіледі.

Жылдағы дәстүр бойынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде құттықтау рәсімдері өткізіледі. Елбасы (Жоғарғы Бас қолбасшы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті әскери атақтарды тағайындап, батылдығымен, ерлігімен көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды.

Мерекеге байланысты 2013 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жауынгерлік парад өтті. Салтанатты шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техникалар, 86 ұшақ пен тікұшақ тартылды.

1992  жылы  7 мамырда  тәуелсіз  елдің заңдық  құқытарының  негізінде  және  тәуелсіз  мемлекеттер  достастығына  қатысушы  мемлекеттер  арасындағы  келісімдерге  байланысты  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы  шықты. Бұл Жарлық  бойынша  Қазақстан  аумағына  орналасқан  Қарулы Күштер өздерінің  мүліктерімен қоса республикасың  қарауына  өтті.     Оның  Жоғарғы  Бас  Қолбасшысы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу.

Елбасымыз «Біздің  Отанымыз-бір, еліміз-бір, қанымыз-бір,  болашағымыз - бір  халықпыз. Отанымызды  сақтау, Тәуелсіздігімізді көзідің ағы мен қарасындай сақтау – басты борышымыз.» -  деген  еді. Бүгінгі  ұрпақ отан сүйгіштікті,  елі мен жерін  қорғауды  алдынғы  буыннан  үйрене  алады.

Қазақтың  қос қарлығашы Мәншүк Мәметова мен  жерлесіміз  Әлия Молдағұлова апаларымыздың , аты  аңызға  айналған Бауыржан Момышұлының  ерлігін бар қазақтың баласы үлгі тұтады.

Бұл мереке - Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі.|

         «Ер – елінің  қорғаны »  демекші, бар өмірін  әскери   іске  арнап, өз  қызметін  мінсіз  атқарып  келе  жатқан жауынгер аға-апаларымызға  алғысымыз шексіз! Бейбіт таңдарымыз таусылмасын!

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы

А . Әзімбекова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив