Батыс Сахарада 30-дан астам қазақстандық әскери қызмет атқарды

Батыс Сахарада 30-дан астам қазақстандық әскери қызмет атқарды

Қазақстандық әскери қызметшілер подполковник Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов бір жыл бойына БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы (MINURSO) миссиясының әскери байқаушылары ретінде қызмет атқаратын болады.

Бүгінде ол жерде 2022 жылдың көктемінде аталған миссияға жіберілген Қазақстан Қарулы күштерінің төрт офицері қызмет өткеріп жатқанын атап өткен жөн. 2014 жылдан бері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы бітімгерлік миссиясына отыздан астам қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, үміткерлер еліміздің Қарулы күштері шеңберінде тиісті іріктеу мен медициналық комиссиядан өтіп, қажетті тест тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов Африка құрлығына жіберілгенге дейін БҰҰ-ның әскери байқаушылары мен штабтық офицерлер курсын шетелде аяқтады.

Қазіргі таңда әскери қызметшілер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабы орналасқан Эль-Аюн қаласына келді. Бірқатар дайындық шараларынан соң олар қызметтік міндеттерін орындауға кіріспек.

Әскери байқаушылар жауапкершілік аймағында жергілікті жерді патрульдеу іс-шараларын жүргізіп, мониторинг нәтижелері туралы миссия басшылығына егжей-тегжейлі баяндайтын болады.

Әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына жіберу күрделі жағдайларда қызмет өткерудің қажетті тәжірибесін алуға және ел Қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығын дәйекті жетілдіруге ықпал етеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив