Сенатта зияткерлік меншік туралы заң жобасы қаралатын болды

Сенатта зияткерлік меншік туралы заң жобасы қаралатын болды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді.

Депутаттар Палатаның кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.

Заң жобасы ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және отандық тауар өндірушілердің қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Құжат сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар тұлғалар тобын кеңейтуді көздейді.

Бюро мүшелері сонымен қатар Мәжілісте бұрын мақұлданған заң жобалары бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив