Сенат Бюросының отырысы болды

Сенат Бюросының отырысы болды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның ағымдағы жылғы 17 және 31 наурызға жоспарланған отырысының күн тәртібі бекітілді.

Депутаттар 17 наурыздағы Сенат отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.

Келісімнің мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өзара құқықтық көмек көрсету, оның ішінде азаматтығының болуы немесе болмауы, көші-қон есебіне қою, виза беру, жеке басын куәландыратын құжаттар және басқалар туралы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін құру болып табылады.

Сенаттың 31 наурызда өтетін отырысында депутаттар «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Бюро отырысында сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив