Кәсіподақтар федерациясы ҚР Президентінің әлеуметтік бастамаларына арналған ауқымды Форум өткізді

Кәсіподақтар федерациясы ҚР Президентінің әлеуметтік бастамаларына арналған ауқымды Форум өткізді

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің негізгі ережелерін түсіндіру аясында Қазақстан бойынша қоғамдық-саяси маңызы бар кешенді іс-шараларды өткізуде.

6 сәуірде Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Бес әлеуметтік бастама. Әлеуметтік инновациялар. Келешек келбеті» Форумының ашылуы өтті.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының залында өткен жиынға Қостанай облысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 260 басшылары мен өкілдері жиналды.

Сондай-ақ, Форумға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері қатысты. 

Форум басталмастан бұрын театр холлында «Profsoyuz.kz» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме «Әлеуметтік», «Құқықтық қорғау», «Оқу орталығы», «Денсаулық және туризм» және «Кәсіподақтың дисконт-серіктестері» деп аталатын 5 негізгі бөлімнен тұрды.

Жиында сөйлеген Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Елбасының 5 бастамасын жан-жақты саралады. Сондай-ақ, кәсіподақтардың өкілдері жұмысшыларға Елбасының бастамалары туралы дұрыс ақпаратты жеткізуі тиіс екендігін атап өтті.

Бақытжан Әбдірайым ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ерекше назар аударатындығын жеткізді. Себебі, бастауыш кәсіподақ ұйымдары адамдармен тығыз жұмыс атқарады, демек, жұмысшылардың мәселелі сұрақтары, әлеуметтік-еңбек қатынастары бастауыш ұйымдардан бастау алады. 

«Біз бастауыш кәсіподақ ұйымдарына баруға ниеттіміз, себебі, Федерация мен бастауыш ұйымдар арасында ешқандай делдал болуы тиіс емес. Федерация бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қандай да бір мәселені шешетін дербес үні болғанын қалайды. Ұлттық пікір алмасу аясында өзара байланыстың дамуына ерекше назар аударамыз және бастауыш ұйымдардың белсенділігін ынталандыру үшін жұмыстар атқарылады. Олардың құқықтық мәртебесінен бастап, атқаратын жұмыстарына дейін назарға алынады» - деді Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы.      

         Сонымен қатар, бастауыш ұйымдар өз жұмысын жандандыруы және дәстүрлі қызметінің аясын кеңейтуі тиіс. Бүгінде кәсіподақтар әлемнің дамыған 30 елінде қабылданған «Өмір сүру сапасы» атты көрсеткішті кәсіподақтарға енгізуі қажет. 

Өмір сүру сапасының белгілері жұмыс және демалыс уақытының қалыпты ұзақтығы, қауіпсіз еңбек шарттарының әрі қарай дамуы, гендерлік тепе-теңдік және басқа да базалық түсініктерден тұрады. 

Федерация Төрағасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ҚжЕҚ жөніндегі өндірістік кеңестерді құру бойынша жұмыстарды өзектендіру, Ұжымдық шарттардың санын арттыру және сапасын жақсарту, жастарды кәсіподақ қатарына тарту мәселелеріне көңіл аударуға шақырды. 

Форум аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қостанай облысы әкімдігі арасында Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өңірде әлеуметтік-еңбек дауларының алдын-алу мәселелері бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.  

Қостанай облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдары 5 әлеуметтік бастаманы тиімді жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Осы іс-шарада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «ССКӨБ» АҚ, Қостанай облыстық көпсалалы аурухананың, Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің, Қостанай мемлекеттік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сөз сөйледі. 

Форумның бірінші бөлімінің қорытындысында кәсіподақ активі мен әлеуметтік әріптестерге алғыс хаттар және марапаттар тапсырылды. 

Күннің екінші жартысында ҚР заманауи әлеуметтік саясат, кәсіподақтардың 2018-2019 жылдарға арналған жаңғыру Жол картасын жүзеге асыруда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қоғаммен байланысы тақырыбында пікір алмасулар өтті.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы мемлекеттік бағдарламалар және қоғамдық ұйымның ресурстарын тиімді басқаруға қатысты тақырыптар талқыланды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы келешекте Қазақстанның барлық өңірлерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Форумын өткізуге ниетті.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив