Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде салтанатты жиынға қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бұл мейрамның тарихы терең төл мерекеміз екенін атап өтті. 

– Әз Наурыз табиғатты түлетіп, тіршілікке нәр береді, жаңару мен жаңғыруға үндейді. Мен күні кеше ғана халыққа Жолдауымды жариялап, Жаңа Қазақстанды құруға жол ашатын маңызды бастамалар ұсындым. Мұның бәрі – елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы. Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту.  Ең бастысы, қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгеріс жасауға кірісе отырып, елімізді дамытудың мүлде жаңа кезеңіне қадам басатынымызға назар аударды. Оның пікірінше, Жаңа Қазақстан – абстракты идея емес, келешектің жарқын көрінісі.

– Сіздердің әрқайсыларыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адалдығын іс жүзінде дәлелдеген нағыз патриотсыздар. Өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізбен, көмек қолын созуға деген шынайы ниеттеріңізбен барша отандасымызға үлгі-өнеге көрсетесіздер. Біз Қазақстанды реформалау үдерісін бастадық. Жаңа мүмкіндіктер мен  дамуға ұмтылған Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жолдаудағы әрбір бастаманы осы мақсатқа жету жолындағы нақты қадам деп санайды. Оны табысты жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

– Қазір аумалы-төкпелі кезең болып тұр. Геосаяси ахуал күннен күнге ушыға түсуде. Оның салқыны белгілі себептерге байланысты Қазақстанға да тиеді. Бірақ, біз  бағдарымыздан айнымай, көздеген мақсатымызға қалайда жетеміз. Сол үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс істеуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде әрбір отандасымыз егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Халқымыз қашанда береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа баса мән берген, өзара жанашырлық пен қамқорлықты барынша дәріптеген.

– Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз  жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналасындағы адамдарға көмектесті. Жауапты сәтте жұртына қорған болып, елдіктің нағыз үлгісін көрсетті. Осындай отаншыл тұлғаларымыз – жас ұрпаққа өнеге.  Халқымыз «Ер – еңбегімен қадірлі» деп бекер айтпаған. Елге еңбегі сіңген жандарға Ұлыстың ұлы күнінде құрмет көрсетудің зор символдық мәні бар, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ қайраткерге мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізу игі дәстүрге айналатынын айтты.  

https://www.akorda.kz/ 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    France 27 декабря 2023 18:58

    Woah! I'm really digging the template/theme of this blog.
    It's simple, yet effective. A lot of times it's challenging to get that "perfect balance" between usability and appearance.

    I must say you've done a amazing job with this. Also, the blog loads extremely
    quick for me on Opera. Outstanding Blog!

    Also visit my homepage; çox dadli
    və asan hazirlanan rulet resepti ve

  2. аватар
    John 3 февраля 2024 03:26

    Great blog you have here but I was wondering if you knew of any community forums that cover the same topics talked about in this article?
    I'd really love to be a part of community where I can get opinions from other experienced people that share the same interest.
    If you have any recommendations, please let me know.

    Bless you!

    Review my blog post colchis
    en venta en Bogotá

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив