«Сот реформалары халық игілігі үшін»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек 2020 жылғы халыққа арнаған Жолдауында сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар-азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы деп көрсеткенін, жасалып жатқан реформалардың арқасында сот саласында жаңашылдықтар мен кординалдық өзгерістер орын алғанын да қозғап кетті.
Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың əл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сол себепті де оны елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға əбден болады. Шын мəнінде, Жолдау да айтылған барлық басымдықтар миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бəсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер.
Президент сондай басым міндеттердің қатарында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жəне құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың жəне олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін де ерекше назар аударды.
Мәселен, Қ.Тоқаев: «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бермесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" - бұл, шын мәнісінде, "әділ мемлекет " құру тұжырымдамасы. Азаматтар мүлігіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек.
Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесі негізгі рөл атқарады. Бұл салаға реформа аса қажет. Заң үстемдігінің маңызды өлшемі - бейтарап және әділ сот төрелігі. Қоғамның соттарға деген сенімін нығайту басым мақсат болуға тиіс.
Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет, бұл мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік береді. Мұндай институттар дамыған елдерде өзін жақсы көрсетті. Сонда халықтың сотқа деген сенімін барынша арттыра түсеріміз даусыз.
Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының бас маманы
Н.Ескабулов
[xfvalue_img]
6 пікір